30.05.2022 _ 16:01

Қазақстандық кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев Олимпиадалық арманға ұмтылатындардың бағдарламасының стипендиаты атанды

Алан Құрманғалиев Олимпиадалық арманға, жаһандық бәсекеге қабілеттілікке ұмтылатын әлемнің түкпір-түкпірінен келешегі зор спортшыларға бағытталған Олимпиадалық Ынтымақтастық (ОС) пен Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) «Болашақты ойлай отырып» бірлескен бағдарламасының стипендиаты атанды. Бағдарлама таңдалған теннисшілерге олардың жалпы дамуы үшін техникалық және қаржылық көмек көрсетеді, бірақ ең алдымен Париж 2024 Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат алу үшін жаттығу үшін жақсы мұмкіндік болмақ.

Ал, қазақстандық кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев 28 мамырда халықаралық аренада тағы 13-ші медалін жеңіп алды.

Алан Құрманғалиев Испанияда өткен халықаралық бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді. Алан Құрманғалиев Испанияда өтіп жатқан халықаралық «WTT Youth Contender» турнирінде бақ сынады. Аталған додаға Азия, Еуропа және Оңтүстік Американың спортшылары бақ сынады.

15 жас санатындағы спортшылар арасында Алан Құрманғалиев Давиде Лоренцо (Италия), Олег Стефанович (Польша), Тиаго Олхеро (Португалия), Куо Гуан-Хонг (Тайпей), Тамито Ватанабе (Жапония), Тиаго Абиодана (Португалия) сынды атлетті ұтып, жүлделі екінші орынға ие болды.