31.05.2022 _ 10:24

Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеуді аяқтады

2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеуді аяқтады

2022 жылғы 30 мамырда, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында – 30 байқаушы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан – 40 байқаушы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясынан (ҰҚШҰ ПА) – 8 байқаушы, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан (ШЫҰ) байқаушылар миссиясының құрамында – 17 байқаушы, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) референдумды байқау жөніндегі Миссиясының құрамында – 20 байқаушы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының құрамында – 4 байқаушы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) пен Халықаралық Түркі Академиясынан– 3 байқаушыдан, сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Латвия, Мажарстан, Нидерланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания,Швеция және Жапониядан - 28 байқаушы аккредителді.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр күні сағат 18:00-де аяқталды. Республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеді.