31.05.2022 _ 10:46

Қызылордада салынатын бу-газ қондырғысы электроэнергия тапшылығын жабуға мүмкіндік береді

Қызылорда облысында 215 млрд теңгеге бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Оның айтуынша, 2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында жобаны іске асыру үшін инвесторларды іріктеу жоспарлануда.

Бу-газ қондырғысының электр қуаты 240 МВт құрайды.

"Жобаны жүзеге асырудың болжамды құны-215,1 млрд теңге. Пайдалануға берілетін болжамды мерзім - 2025 жыл", - деп атап өтті Ақшолақов өңір тұрғындарымен кездесу барысында.

Оның айтуынша, бұл жоба 700 млн кВт сағ көлеміндегі тапшылықты жабуға мүмкіндік береді.