31.05.2022 _ 12:10

Жаңа Қазақстанда табиғи жер қойнауы мен байлықтарға деген көзқарас басқаша

Конституцияға барлық табиғи байлықтар, жер қойнауы, ресурстар халыққа тиесілі екендігі туралы арнайы нормалар енгізілген. Бұрын бұл мемлекет меншігінде болатын. Жаңа тәсілдің және оны елдің Ата Заңында бекітудің салдары көп болады. Оны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық кездесу барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, з. ғ. д. Ермек Әбдірасұлов түсіндіріп өтті.

«Біріншіден, Конституцияға сәйкес келетін басқа заңдарды қабылдау кезінде осы мәселе ескерілуі керек, яғни: жерді иелену, пайдалануға беру, иелену мәселелері. Мұның бәрі «меншік иесі - мемлекет емес, халық» дегеннен туындауы керек. Халықтың атынан мемлекет осы нормаларды дәл сақтауға тиіс. Егер жер мен жер қойнауына қатысты неғұрлым маңызды мәселелер болса, халық оларды референдум арқылы шеше алады. Не болмаса, азамат жерді және жер қойнауын пайдалану мәселелерінде оның конституциялық құқықтарына қысым жасайды деп есептесе, Конституциялық сотқа немесе адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіне алады», - деп атап өтті сарапшы.