31.05.2022 _ 12:20

Омбудсмен институты өз тиімділігін дәлелдеді

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қатарында адам құқықтарын қорғауға байланысты адам құқықтары жөніндегі уәкілге арналған арнайы бап та ұсынылып отыр. Енді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық статусы болады. Бұл Омбудсмен институтының күшеюінің белгісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы сарапшылар клубында ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлім етті.
Омбудсмен институты өз тиімділігін дәлелдеді

«Адам құқықтарына баса назар аударылып отыр. Конституцияда Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Сондықтан оларды жүзеге асыру үшін, оларды қорғау үшін нақты бір механизм болуы керек. Бұл ретте Омбудсмен институты өте маңызды. Өйткені, дүниежүзілік тәжірибеде де, Қазақстанда да бұл  институт өз тиімділігін дәлелдеді. Тағы бір маңызды шешім - өлім жазасын алып тастау. Себебі бұл қазақ философиясына да сәйкес келеді. Оның негізгі бір түсінігі -  адамгершілік. Адамның өмірі - жоғары құндылық, бұл құқықтық-саяси жағынан ғана емес, философиялық көзқарас жағынан да бізге сәйкес келетін адам құқықтарын қорғауға қатысты өте маңызды шешім», - дедім спикер.