31.05.2022 _ 16:12

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркияға жұмыс сапарымен барды

Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өналмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екі мемлекет басшыларының Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 10-11 мамырда Түркияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институционалдық даму мәселелерін және трансформация процесін іске қосуды егжей-тегжейлі талқылады.

Түрік тарапы Азия кеңесінің халықаралық ұйым болып қайта құрылуына саяси қолдауын растап, халықаралық қатынастар дамуының қазіргі кезеңіндегі бұл қадамның ерекше өзектілігін атап өтті. АӨСШК-нің 2022 жылғы қазандағы Саммитіне дайындық барысы және оның мазмұнды толықтырылуы туралы пікір алмасылды.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылап, Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша тығыз байланыстар орнатуға келісті.