02.06.2022 _ 17:36

Қазақстан прокуратурасының қазіргі кезеңдегі дамуының негізгі бағыттары талқыланды

2022 жылғы 2 маусымда "Қазақстан прокуратурасының қазіргі кезеңдегі конституциялық-құқықтық мәртебесін дамытудың негізгі бағыттары" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды.

Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. А. Темірбеков "Прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметінің қағидаттары" тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Беларусь, Ресей және Өзбекстанның танымал ғалымдары қатысты.