5 маусым Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағаттық «Референдум» онлайн марафоны өтеді.
Марафонда әр сағат сайын халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен брифингтер, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады және қатысушылар «ашық микрафон» алаңында түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасады.
Марафонға 1200-ден астам қонақ, әр сала бойынша 300-ден астам спикер талқылауларға қатысады. Оның ішінде депутаттар, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әр саладағы белсенді жастар мен мәдениет, спорт саласының өкілдері бар.
Марафонды еліміздегі ең танымал 23 тележурналист жүргізеді.
Шара 09:00-ден 01:00-ге дейін отандық БАҚ-тардың интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн-трансляцияланады.
Әр сағат сайын дискуссия алаңында - «Алдымен экономика және саясат» - «Телеарна және интернет: көрермен мен жарнама үшін күрес» - «Қайырымдылық пен қамқорлық: Сәбит пен Сағит оқиғасы» - «Фейк ақпаратты тарату кімге тиімді?» - «Жаһандану VS оқшаулану» - «Саясаттағы әйелдер рөлі» - «Балаларға қарсы кибербуллинг» - «Жаңа ұрпақ – жаңа сана» тақырыптары талқыланады және бұл талқылаулар республикалық телеарналар эфирінен тікелей эфирде көрсетіледі.
Спикерлер қатарында Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек, Аманжол Әлтаев, ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов, саясаттанушы Ғазиз Әбішев, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Астана халықаралық университетінің доценті Нұрбек Исабай, «Atameken Business» телеарнасының директоры Қанат Сахария, медиасарапшы Молдияр Ергебеков, Stopfake.kz жобасының жетекшісі Айбек Күмісбеков, еңбек құқығы саласындағы сарапшы Бибігүл Нұрашева бар. Сахнада марафон қатысушыларымен Нұр-Сұлтан қаласы Онкология орталығының бас дәрігері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Төлеутаев, «QazVac» вакцинасын әзірлеуші ғалымдар тобының жетекшісі Күнсұлу Закарья, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, меценат, «Алтын қыран» қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов, Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, шорттрекші Абзал Әжғалиев, Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, актриса Лейло Бекназар-Ханинга, актер Ерік Жолжақсынов, кинопродюсер Мұрат Есжан еркін пікір алмасады.
«Ашық микрофон» айдарында марафонға қатысушылар журналистер сауалына жауап береді. Шарада танымал стендаперлердің қойылымдары мен музыкалық нөмірлер, арнайы флешмобтар ұйымдастырылады.
Онлайн марафон соңында тікелей эфирде қазақстандықтардың дауыс беру қорытындысы бойынша EXITPOLL-дың алдын ала нәтижелері жарияланады. Инфотейнмент форматындағы ауқымды онлайн марафон Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Марафон жаңалықтары: www.ortcom.kz
#ЖаңаҚазақстан #Конституция2022 #janaqazaqstan @referendum2022_kz