05.06.2022 _ 08:15

ҚР СІМ: Қазақстандағы референдум - бүкіл әлемдегі үлкен қызығушылық

Байқап, ақпарат таратуда. Бүгін Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы референдумға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында референдум бойынша алғашқы республикалық онлайн-марафон барысында мәлімдеді.

«Біздің референдумға бүкіл әлем үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазақстанда қазір 25 елдің 10 ұйымынан 272 халықаралық бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, елімізде 215 шетелдік журналист бар, олар барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы жқнінде ақпарат таратып, дауыс беру процесін бақылап отырады», - деп атап өтті спикер.