05.06.2022 _ 08:35

Референдум барысында үгіт жүргізуге заңнамамен тыйым салынған – ҚР БП өкілі

Бүгін үгіт жүргізуге заңнамамен тыйым салынады. Ол үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-ші бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында референдум бойынша алғашқы республикалық онлайн-марафон барысында ҚР БП өкілі Азамат Саргазин мәлімдеді.

«Бұл жөніндегі 3 маусымда Бас прокурордың үндеуі БАҚ-тарда жарияланды. Орталық деңгейде де, жергілікті жерлерде де референдум комиссияларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты байланыс орнатылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Референдумның заңдылығын қамтамасыз ету жұмысы одан әрі жалғасады», - деді спикер.