05.06.2022 _ 09:11

Шымкент, Түркістан, Қарағанды, СҚО-да референдумға ең көп дауыс берушілер тіркелген

Қазақстандықтардың дауыс беруге келуі туралы алғашқы ақпарат.

Қазақстандықтардың дауыс беруге келуі туралы алғашқы ақпарат. 

Референдумға сайлаушылардың 28,59 пайызы қатысты (бұл қазірдің өзінде 3,3 миллионнан астам қазақстандық). Ең жоғары белсенділік Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде (34,19%), ал ең пассивтілік Алматы қаласында (13,91%) байқалады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 % бюллетень алды.

Оның ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 26,63 %

Ақтөбе облысы бойынша – 25,62 %

Алматы облысы бойынша – 28,53 %

Атырау облысы бойынша – 29,87 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,20 %

Жамбыл облысы бойынша – 32,16 %

Қарағанды облысы бойынша – 33,56 %

Қостанай облысы бойынша – 30,14 %

Қызылорда облысы бойынша – 28,87 %

Маңғыстау облысы бойынша – 23,67 %

Павлодар облысы бойынша – 33,14 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,17 %

Түркістан облысы бойынша – 33,15 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,88 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,18 %

Алматы қаласы бойынша – 13,91 %

Шымкент қаласы бойынша – 34,19 %

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.00-де беріледі.

ЖаңаҚазақстан #Конституция2022 #janaqazaqstan @referendum2022_kz