05.06.2022 _ 10:15

С. Гаджиев: азаматтардың таңертеңнен дауыс беру белсенділігі бізді қуантты

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мүшелері 1994 жылдан бастап Қазақстандағы сайлауға үнемі мониторинг жүргізіп келеді. Ал референдумда - бірінші рет. ТМД ПАА өкілдері тобының үйлестірушісі, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары Сабир Гаджиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында әріптестерінің атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Оң дерек – қазақстандықтардың белсенділігінің жоғары екендігін атап өтті.

«Бүгін ашылу салтанатында таңғы жетіден бастап азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысқандығы бізді қуантты. Учаскелерде адамдар саны жеткілікті болды. Сонымен қатар біздің топ Қазақстанда, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және жақын өңірлерде, сондай-ақ әлемнің 13 мемлекетінде бақылауды жүзеге асырамыз. Олардың қатарында Франция, Қытай, БАӘ, Болгария бар. Біздің топтың құрамына сенаторлар, депутаттар, Парламент өкілдері, халықаралық мониторинг институтының сарапшылары кіреді. Жұмыстар жүзеге асырылуда: біздің өкілдеріміз қазір учаскелік комиссияларға барады. Соңына дейін күтеміз. Содан кейін қорытынды дайындалып, жұртшылықтың назарына жеткізіледі», - деп атап өтті бақылаушылар миссиясының өкілі.