05.06.2022 _ 11:25

Референдум-2022: жағдай тұрақты

Заңнамаға сәйкес, референдум өткізу кезінде ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов елдегі жағдай туралы жедел түрде баяндады. Ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында референдум бойынша алғашқы республикалық онлайн-марафон барысында сөз сөйледі.

«Бюллетеньдер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі, жалпы өрт қауіпсіздігі тексерілді. Жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ел бойынша жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта қандай да бір бұзушылықтар тіркелген жоқ», - деп атап өтті генерал.