05.06.2022 _ 11:35

Шетелге жылыстатылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады.

Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды.