05.06.2022 _ 11:30

ҰҚШҰ ПА тобының үйлестірушісі: жас ұрпақтың жоғары азаматтық кемелденуі мен саяси орындылығы сезіледі

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу жұмысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясының тобы да қатысады. Онда ұйымға қатысушы барлық мемлекеттердің мүшелері ұсынылған. Басым бөлігі - елордада жұмыс істейді. ҰҚШҰ ПА тобының үйлестірушісі, Тәжікстан Республикасының депутаттық этика жөніндегі Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли комиссиясының төрағасы Баротзода Барот Файзулло Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ халықтың белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

«Барлық дауыс беру учаскелерінде Қазақстан Республикасының президенттік және парламенттік сайлауын өткізуге бірнеше рет қатысқан өте тәжірибелі мамандар тағайындалды. Сондай-ақ, халықаралық топ атынан 10-ға жуық дауыс беру учаскесінде дауыс беру процесін өткізу кезінде референдумның, халықтың дауыс беруінің нормалары мен қағидаларын бұзушылық тіркелмегенін айтқым келеді», - деп атап өтті спикер.  


Сондай-ақ Баротзода Барот Файзулло Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен парламенттің қос палатасының басшылығына топ мүшелерінің республикалық референдумда халықаралық бақылау жүргізуін және болуын қамтамасыз еткені, шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін өз алғысын білдірді.