05.06.2022 _ 14:07

Референдум кезінде заң бұзушылықтар болған жоқ - ІІМ

Референдум кезінде заң бұзушылықтар болған жоқ - Ішкі істер министрлігі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді.

“ішкі істер органдары референдум өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. "Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бюллетеньдер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскелері, соның ішінде өрт сөндіру қызметі де қауіпсіздікке тексерілді. Қазіргі уақытта жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүкіл ел бойынша жағдай тұрақты, қазіргі уақытта заң бұзушылықтар тіркелген жоқ”, - деді Атығай Арыстанов онлайн телемарафон барысында.