05.06.2022 _ 15:15

Сарапшы: ҮЕҰ демократиялық процестердің қалай жүріп жатқанына көңіл бөледі

Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымына әрбір өңірде жұмыс істейтін үш мыңнан астам үкіметтік емес ұйым кіреді. Биыл олардың белсенділігі екі есе артты. Бүгінде ҮЕҰ демократиялық процестердің қалай жүріп жатқанына көңіл бөледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сарапшы, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, комиссия мүшесі Бану Нұрғазиева мәлімдеді.

«Біз Президентің жолдауын да, Референдумға шығарылатын мәселелерді де талқыладық. Бұл қазіргі кезде аса қажетті нақты өзгерістер. Қазақстанның азаматтық қоғамы өзгеріп жатыр. Биыл әсіресе, азаматтық-құқықтық сана қатты өзгергенін көріп отырмыз. Конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылап, референдум өткізу – бұл жақсы мүмкіндік. Бұған дейін түзетулер Парламент тарапынан енгізілген болатын. Міне, 27 жылдан кейін референдум өтіп жатыр. Бұл ҮЕҰ үшін маңызды. Олар да өз дауысын естігенін қалайды. Бәрі де жағымды өзгерістерді қалайды. Солай болады деп үміттенеміз», - деді спикер.