05.06.2022 _ 17:00

Студент жастар тәуелсіз бақылаушылар ретінде жұмыс істеп жатыр

Еліміздің 17 облысында белсенді студент жастар тәуелсіз бақылаушылар ретінде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана» Студенттер Альянсы» ҚБ директоры Азат Теңгебаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында бүгін 500 жуық студент азаматтық позицияларын, өз мүдделерін толыққанды көрсетіп, белсенділік танытуда.  

«Таңғы 06.00 бастап өзіміздің учаскелерімізде қызмет етіп жатырмыз. Ұрыс-керіске, қоқан-лоққы көрсетуге жол бермеудің жолдарын қарастырып, тыныштық сақтауға септігіміз тиіп жатыр. Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған. Ол кісілердің туған-туыстары келіп, ол адамның жағдайын түсіндірсе, тәуелсіз бақылаушылар - студент жастар, волонтерлер оның үйіне барады, яғни жеке дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Дауыс берушілер арасында жастардың да белсенділігі жоғары», - деді жастар өкілі.