05.06.2022 _ 20:20

«Тіркеу» - үкім емес. Соттар референдумда екі алматылықтың талаптарын қанағаттандырып, дауыс беруіне мүмкіндік берді

Қарағанды облысының тұрғыны референдум мәселесі бойынша чатта өз пікірін білдіргені үшін телеграмм арналардың біріне кіруін негізсіз бұғаттағаны туралы Бас прокуратураға шағымданды. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында қадағалау органының өкілі Азамат Сарғазин мәлімдеді.

«Аталған өтініш Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданды. Бүгін референдумға қатысу құқығы мәселелері бойынша соттарға 2 талап арыз түсті. Екеуі де Алматы қаласында. Екі жағдайда да азаматтар учаскелік референдум комиссияларының тұрақты тіркелген жерінің болмауына байланысты дауыс беруге арналған бюллетень беруден бас тартқан әрекеттеріне шағымданды. Сот қарауының нәтижелері бойынша талап-арыздар қанағаттандырылды. Бұл азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды. Референдум туралы заңнаманың сақталуын жоғары қадағалау жалғасуда», - деді полковник.