05.06.2022 _ 20:30

ҚР ІІМ: Елімізде ахуал тұрақты, полиция қызметін жалғастыруда

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ өкілі Атығай Арыстанов дауыс беруге арналған учаскелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы жедел ақпарат ұсынды.


«Полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Қазіргі таңда құқықтық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеген. Бұзушылық болған жағдайларда да жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, полиция қызметкерлері тексеріп шешім қабылдайды. Қазіргі жағдай бойынша елімізде ахуал тұрақты, полиция қызметін жалғастыруда.