Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылар миссиясының басшысы Қазақстанда референдум өткізудің қорытындылары туралы мәлімдеме жасады. Ол жергілікті жерлердегі бақылауларға, дауыс беруушілермен, сайлау комиссиялары мүшелерімен және қоғамдық бақылаушылармен кең пікір алмасуға, сондай-ақ жиналған практикалық материалдарға негізделген.
ШЫҰ-ның Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның референдумда миссияның міндеттерін орындауға қажетті жағдай жасағанын, Қазақстанның сайлау заңнамасының және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелердің талаптарына сәйкес келгенін атап өтті.
«Референдумның заңдылығына күмән келтіретін ұлттық заңнама нормаларын бұзу миссиямен белгіленбеген. Миссия өткен референдумды ашық, айқын және демократиялық деп таниды», - деді ұйымның Бас хатшысы.
Миссия құрамында 17 бақылаушы аккредиттелген: ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамалық және атқарушы органдарының өкілдері, ұйымның хатшылығы мен атқарушы комитеттің лауазымды тұлғалары.