08.06.2022 _ 16:47

Қазақстан омбудсмені мен ҚХА ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумның мәні ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту және жетілдіру, адам және азамат құқықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесімен алмасу, азаматтық және мәдениетаралық диалогтың тиімді нысандарын әзірлеу және іске асыру мақсатында Тараптардың ынтымақтастығы болып табылады.

Жасалған меморандум азаматтардың, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың сауалнамалардағы адам құқықтарының бұзылуы туралы өтініштері келіп түскен кезде ҚР-дағы Адам құқықтарының ахуалы, деректерді мониторингілеу және талдау мақсатында этносаралық ахуал туралы ақпарат алмасуды, азаматтарды бірлесіп қабылдауды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, медиаторларды, заң консультанттарын және басқа да мамандарды шақыра отырып, құқықтық мәселелер бойынша консультацияларды жүргізуді, АҚҰО-ны дереу хабардар етуді, адам құқықтарын қорғау салаларында түрлі іс-шаралар өткізуді көздейді.   

Құжатқа келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылды, оның барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін талқылады.

#Уәкіл #Ombudsman #HumanRights #Уполномоченный #ПраваЧеловека #АНК #Меморандум