09.06.2022 _ 09:52

9,2 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтардың саны туралы мәліметтерді жариялады.
9,2 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алды

Қазақстанда 8 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы бірінші компонентпен 9 510 545 адам, екінші компонентпен 9 288 778 адам егілді. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 жаңа жағдайы тіркелген.