09.06.2022 _ 16:47

Елордада Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық көрмесі өтеді

Маусымның 17 мен 19 аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы  EXPO көрме орталығында, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрілігі мен Kazakh Tourism ҰК-нің қолдауымен  Qazaqstan Live Fest 2022 туризм, спорт және белсенді өмір салтына арналған халықаралық көрме өтеді.

Qazaqstan Live Fest көрмесінде еліміздің туристік және спорттық мүмкіндіктерін бағалау үшін туризм индустриясының сарапшылары, үкімет пен бизнес өкілдері, трэвел-блогерлер, саяхат, белсенді өмір салты және спортпен әуестенушілер кездеседі.

Көрме алаңдары: Тұтынушылармен сұхбаттасуға арналған көрсету аймағы; спорттық көрсетілімдер мен жаттығуларға, жаңа өнімдер мен құрал-жабдықтарды сынауға арналған workout аймағы; туризм индустриясы өкілдері, белгілі спортшылар және блогерлермен кездесуге арналған конференц-аймағы.

Елімізде тұңғыш рет өткізілгелі отырған бұл көрме осы саланың көптеген мәселелерін жан-жақты талқылап, іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.