10.06.2022 _ 12:45

Өз міндеттемелерін адал орындайтын компаниялар мемлекеттің де оларға адал қарауына лайық - Е. Никитинская

«Атамекен» ұлттық палатасы үшін кәсіпкерлерге көмектесу ғана емес, әлеуметтік жауапты бизнес құру да маңызды. Ең алдымен салықтық әкімшілендірудегі артықшылықтар өз міндеттемелерін адал орындайтын компанияларға  берілуі  тиіс. Олар мемлекеттің адал қарауына лайық. Бұл туралы «Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кеңесшісі Екатерина Никитинская Орталық  коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Бұл ретте бизнес экспорттаушыларына ҚҚС-ты оңай жолмен қайтарудың пилоттық жобасы туралы айтылып отыр.

Спикердің айтуынша, кәсіпкерлер фискалдық органдар ҚҚС-ты уақтылы және толық көлемде қайтармайды деп сынға алады, осы кезде МКК басшылығы ресейлік жобаға ұқсас пилоттық жобаны қолға алды. 


«Бірақ біздің ережелер ресейлік тәжірибеден біршама ерекшеленеді. Біз көптеген жаңа компоненттерді енгіземіз. Сонда не істегіміз келеді? Бізде ақша қозғалысы астықтың нақты қозғалысымен сүйемелденіп, расталды. Ол үшін арнайы ақпараттық ресурс жасалды, Ресей Федерациясында ондай жоқ, олар енді ғана әзірлемек. Бұл тұрғыда Қазақстан алда келеді.

Бірақ біз үшін кәсіпкерлердің мемлекеттік кірістер органдарының оларды қолдайтынын түсінгені маңызды болды, яғни оларға ҚҚС тізбектеріндегі төлем бойынша проблемалық жерлердің бар екендігі және бұл олқылықтар жойылған жағдайда оларға бәрі  қайтарылатыны туралы ақпарат алатындай жағдайлар жасалады.

ҚҚС қайтару кезінде бюджет шығынға ұшырамауы керек, біздің қоғамда бәрі адал болуы керек. Себебі салық төлейтін кәсіпкерлер мемлекет алдында жауапты. Тек осы жағдайда ғана олар бәрін 100% қайтаруға кепілдік береді. Бұдан басқа қандай жұмыстар атқарылуда? Келісімшарттарда экспорттаушылар мен олардың жеткізушілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу міндеттемесін алатыны туралы ескертпелер болуы тиіс.

Егер олар тізбектен жосықсыз жеткізушілерді анықтаса, олар мұндай жеткізушілерден өздері арылады, жай онымен келісім жасамайды. Бұл пилоттық жоба бізге осындай жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді деп үміттенемін. Өткен жылы біз нормативтік база бойынша жұмыс істедік және МКК тиісті ақпараттық ресурс әзірледі. Енді практикада іске асыра бастадық.

Бірінші тоқсанда ҚҚС қайтару бойынша екі компания және олардың жеткізушілері келді. Алда екінші тоқсан бар, бірақ пилоттық жобаға басқа да астық одақтары, жалпы ауыл шаруашылығы тауар өнімдерін өндірушілер де қызығушылық танытып отыр. Құс шаруашылықтарының да қатысқысы келді, астық өңдеушілер, ұн тартушылар да мәселені түсініп жатыр, тіпті тамақ өнеркәсібінің өкілдері де мүдделі», - деп қорытындылады спикер.