11.06.2022 _ 14:31

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Семейде Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты.

Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер – Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смаилов Асхат Сайдахметұлын қарастыру жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа дауыс берген.

 

Жарлық

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
 
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым
№ 920