12.06.2022 _ 05:30

Түркия СІМ: референдум нәтижелері достас және бауырлас Қазақстанның игілігіне айналуын тілейміз

Түркия бауырлас Қазақстандағы реформалар процесін қолдауды жалғастырады. Бұл туралы республика Сыртқы істер министрлігінің ресми баспасөз релизінде жазылған.
Түркия СІМ: референдум нәтижелері достас және бауырлас Қазақстанның игілігіне айналуын тілейміз

«Қазақстанда кеше (2022 жылғы 5 маусым) конституциялық референдумның бейбіт және тыныш жағдайда өткенін, сайлаушылардың көп болғанын қолдаймыз. Біз Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуіне үлкен мән береміз және референдум нәтижелері достас және бауырлас Қазақстанның игілігіне айналуын тілейміз», - делінген хабарламада.

 

Түркия СІМ 2022 жылғы 6 маусымдағы Қазақстандағы конституциялық референдум туралы баспасөз хабарламасы