Оның айтуынша, жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2022 жылы Абай облысы бойынша – 3,1 млн теңге, Жетісу облысы бойынша - 1,6 млн теңге деңгейінде, ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш 5,5 млн теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр, бұл 2021 жылға қарағанда 30% - ға артық.
«2022 жылы Абай облысының жеке кірістері 70 млрд теңгені, Жетісу облысында – 58 млрд теңгені, Ұлытау облысында – 48 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте алдын ала болжамдық есептер бойынша жаңадан құрылған Алматы облысы, ең аз шығындар көлемімен болса да, перспективада республикалық бюджеттің доноры бола алатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ жаңадан құрылған өңірлер бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі артады деп күтілуде, оның ішінде Абай облысы бойынша – 1 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысы бойынша - 275 млрд теңгеге дейін, Ұлытау бойынша - 855 млрд теңгеге дейін», - деді министр.