13.06.2022 _ 14:35

Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда

2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы экономикасының өсу қарқыны 103,1% деңгейінде қамтамасыз етілді. 7 көрсеткіштің 6-уы бойынша өсу қарқыны 100% жоғары деңгейде қалыптасты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылғы қуаңшылыққа байланысты өсімдік шаруашылығы көлемінің азаюы, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 3,1% төмендеуіне алып келді.

«Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсарту және жалпы әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданады», - деді облыс әкімі.