14.06.2022 _ 14:07

Кипр сыртқы істер министрі Қазақстан халқы мен үкіметін референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның Кипр Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Сатыбалды Бұршақов Кипр Сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидиспен кездесті.

С. Бұршақов министрге еліміздің конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары мен мемлекетіміздегі саяси өзгерістердің мәні туралы хабарлады.

И. Касулидис Қазақстан халқы мен үкіметін референдумның табысты өтуімен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруда жан-жақты табыс тіледі және конституцияға енгізілген өзгерістер қазақстандық қоғамның сенімін ақтайды деп үміт білдірді.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы мәнмәтінінде тараптар Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының үдемелі дамуы мен оң динамикасын атап өтті. Елші кипрлық компаниялардың Қазақстан нарығындағы инвестициялық белсенділігін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша СІМаралық консультациялар өткізу, бизнес-форум ұйымдастыру, жаңа шарттар мен келісімдер жобалау, сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе рейстер ашуды пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.