15.06.2022 _ 09:58

Қазақстан мен Солтүстік Македония демократияны жаңғыру жолында

Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елші қызметін қоса атқарушы Жәнібек Әбдрашов Солтүстік Македония президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Гоце Караяновпен, СІМ экономикалық және қоғамдық дипломатия департаментінің директоры Игорь Поповпен, СІМ қауіпсіздік саласындағы көпжақты қатынастар және ынтымақтастық департаментінің директоры Пайе Авировичпен және СІМ еуропалық емес елдермен екіжақты қатынастар департаментінің директоры Ясмин Халилмен кездесті.

Кездесулерде Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, жоғары деңгейдегі байланыстар, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссия экономикалық әріптестікті дамытуға қосымша серпін беруге тиіс. оның бірінші отырысы 2022 жылы Скопьеде жоспарланған.

Қазақстандық дипломат әріптестермен Солтүстік Македониядағы Еуроодаққа кіру үшін қажетті демократиялық реформалардың барысын, сондай-ақ оның 2023 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелерін талқылап, зор табыс тіледі.

Ж.Әбдрашов өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымда елді одан әрі демократияландыруға бағытталған конституциялық өзгерістер бойынша өткізілген жалпыұлттық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті.

Солтүстік Македония өкілдері Қазақстандағы демократиялық реформаларды жоғары бағалап, өзара іс-қимылдың барлық салаларында Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.