15.06.2022 _ 10:43

Қызылорда: 17 жастағы қармақшылық ауыр атлетші Мексикада өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Солтүстік Американың Мексика шығанағында Көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалуда.

Мексика елінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде жерлесіміз, Қармақшы аудандық 15 спорт мектебінің жас зілтеміршісі Ерасыл Сәулебеков алтыннан алқа тағынып, ел мерейін үстем етуде!

Леон қаласында өтіп жатқан әлемдік додада Қазақстан әнұраны үш рет шырқалды. Алдымен 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерасыл Сәулебеков топ жарды. Ол жұлқа және серпе көтеруден жалпы есебі 281 келіні өз еншісіне жазып, әлем чемпионы атанды. 

Табандылық пен жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, елімізді халықаралық сайыста лайықты көрсете білген жас өреніміздің жеңісі құтты болсын!