15.06.2022 _ 13:50

Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамытудан көш бастап тұр

Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамытудан көш бастап тұр

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Өңір осы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бірінші орында. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 200 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,52%-ға артты. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тамақ өндірісіне 5,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл егіс көлемі 850 мың гектарға жетті, өткен жылмен салыстырғанда 5500 гектарға ұлғайды», – деді Ө.Шөкеев. 


Қосымша 26 гектардан астам жерге жылыжайлар салынды. Республикадағы жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында орналасқан. Биыл жылыжайлар көлемін  1500 гектардан асыру көзделген. 


Сонымен қатар «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша былтырдан бері 8 400 гектарға 3 000 астам жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде,  өткен жылы 3 млн тонна көкөніс жиналды, биыл 3,1тонна өнімалу жоспарланып отыр. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру   аясында   құны   34   млрд  астам теңгеге 5 серпінді ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.