15.06.2022 _ 14:00

Ө.Шөкеев: Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті

Азық-түлік қауіпсіздігі де басты назарда. Тұрақтандыру қорына 3,5 мың тонна тауар сатып алынды. Сондай-ақ бюджеттен қосымша 1 млрд теңге қаржы бөлініп, сауда жүйелеріне кредит беріп, бағаны тұрақтандырып, белгілі бір деңгейде ұстау бойынша келісімшарт жасалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Қант мәселесі бойынша, 136 тонна қант сатып алынды. Азық-түлік келісім шарт корпорациясына 1000 тонна қантқа өтінім жолданды. Жақын  арада қаржы бөлінеді. Жалпы жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн теңгеде асады деп күтілуде. Жайылым жер көлемі облыс бойынша 8,8 млн гектарды құрайды. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. 2021 жылы елді мекендерге 135 мың гектар жайылым жер ортақ жайылымға бекітіліп берілді. 2022 жылы 1 млн  га жерді қайтару жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 айда 150 мың га қайтарылды. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді спикер.