15.06.2022 _ 14:20

Түркістан облысында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі былтыр 102 млрд теңгені құрады

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту басты басымдық болып табылады. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 2021 жылы 102 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 1-орында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Түркістан облысында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі былтыр 102 млрд теңгені құрады Иллюстративное фото с сайта inform.kz

«2021 жылы облыста «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандар іске қосылды. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамыту жоспарланған. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы іске асырылуда», – деді өңір басшысы.