17.06.2022 _ 02:55

Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Осы жылдың 17 маусымы 8 сағат 00 мин. сағат 15.00-ге дейін терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб Целиноград облыстық жедел штабымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылы жағдайында лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.
Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Іс-шараның мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, террористік көріністерге төтенше жағдайларды жою тапсырмаларын орындауға жедел штабтың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын.

Шектеу шаралары: Нұр-Сұлтан қаласында Қорғалжын тас жолы мен Домалақ ана көшесінің қиылысында, Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында: Наурыз және Бақыт көшелерінің қиылысында қарастырылған.

Осыған байланысты азаматтарды өтіп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.