17.06.2022 _ 03:36

Ақмола облысында патронаттық отбасыларды енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда

2022 жылғы 15 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында кеңес өткізіп, кәсіби қабылдаушы отбасыларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысын талқылады.

Ақмола облысында кәсіби асырап алушы отбасыларды құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде білім басқармасы «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп, Ақкөл қ. балалар үйінде «Үйдегідей» моделі бойынша 8 баладан 2 топ ұйымдастырды және балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен дамуының 85 жеке жоспарын әзірледі.

Психологиялық дайындықтан өткен 263 бала асырап алушы үміткердің 21-і бала асырап алушы кәсіби ата-ана болуға ниетті. 

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу қызметін ұйымдастыру жөніндегі және алмастырушы отбасыларға кәсіби көмек және қолдау көрсететін мамандарға арналған әдістемелік ұсынымдардың жобалары, сондай-ақ қабылдаушы кәсіби отбасыларды сүйемелдеу бағдарламасының жобасы, әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Кәсіби қабылдаушы отбасыларды заңнамалық деңгейде бекіту бойынша түзетулер жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.