19.06.2022 _ 12:53

Иран Ислам Республикасының Президенті Қазақстан басшысын ресми қарсы алды

Иран Ислам Республикасының Президенті «Саадабад» кешенінде Қазақстан Президентін ресми қарсы алды.

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.