20.06.2022 _ 09:22

Бурабай мен Марқакөл ЮНЕСКО биосферлық резерваттар желісіне кірді

13-17 маусым аралығында гибридтік форматында өтіп жатқан «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің (MAБ-ХҮК) 34-ші сессиясы шеңберінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Ақмола облысы) және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (Шығыс Қазақстан облысы) ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының жаһандық желісіне қосу туралы шешім қабылданды.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттары, «Адам және биосфера» жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Роман Ященко және оның орынбасары Виктория Ильина қатысты.

МАБ Халықаралық сараптамалық кеңесі Қазақстандық ұлттық комитеті ұсынған құжаттарын зерделеп, ұсынылған объектілердің «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының өлшемдеріне сәйкестігін бағалай отырып, аталмыш шешімді қабылдады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының ұлттық желісінде 15 объектісі енгізілген. Орталық Азия елдерінде биосфералық қорықтарының бұл саны ең көп болып табылады. Әрине, бұл әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген ұмтылысына ерекше назар аударатындығын көрсетеді.

 

Анықтама: ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары-бұл жерүсті және жағалаудағы/теңіз экожүйелерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары немесе ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберінде халықаралық деңгейде танылған осындай экожүйелердің үйлесімдері болып табылады. Олардың негізгі мақсаты - қоршаған ортаға зиян келтірместен адам мен табиғаттың тұрақты байланысын құру және болашақ ұрпақ үшін табиғи байлықты сақтап қалу. Бүгінгі таңда дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әлемнің 131 елінің аумағында орналасқан 738 биосфералық резерваттары кіреді.