20.06.2022 _ 10:20

Батыс Қазақстан облысының еліміздің басқа да өңірлерін етпен қамтамасыз етуге әлеуеті бар

Батыс Қазақстан облысының дамуына үлкен серпін беретін тағы бір бағыт – етті мал шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығына қарағанда, жыл бойы халықты жұмыспен қамтамасыз ететін етті мал шаруашылығы өңір үшін дәстүрлі сала. Бұған барлық түрдегі мал санының жыл сайын 10%-ға дейін тұрақты өсуі дәлел. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді

«Бүгінгі күні облыста 860 мың бас ірі қара мал, қой мен ешкі - 1 816 мың бас, жылқы - 300 мың бас тіркеліп отыр. Өңір 1,3 млн адамды жыл сайын етпен қамтып отыр. Осы ретте БҚО ет өндірісін арттырып, сапасыз ет импортын алмастырып, өңделген ет өнімдерінің экспортын ұлғайта алады. Яғни, Батыс Қазақстан облысы еліміздің басқа да өңірлерін етпен қамтамасыз етуге әлеуеті бар», - деді Есқалиев.