20.06.2022 _ 10:25

БҚО-да жаңа жобаларда 800 тұрақты жұмыс орны ашылады

Осы жылы Батыс Қазақстан облысында 800-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы құны 230 млрд теңгеге 21 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде ірі бизнес инвестициялары - құны 212,4 млрд теңге болатын 4-ші газды кері айдау компрессорын іске қосу. ШОБ жобалары негізінен мұнай сервисімен, агроөнеркәсіптік кешенмен, денсаулық сақтаумен байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.

«2022 жылы жалпы құны 382 млрд теңге болатын Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы басталды. Оралда әуе-жүк терминалын салу бойынша SSistem Logistics түрік компаниясымен келісімге қол жеткізілді, бұл өңірдің транзиттік әлеуетті іске асырудан түсетін табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы «Бизнестің жол картасы» бойынша 22 млрд теңгеге 943 шарт субсидияланды, 4,5 млрд теңге сомаға 586 кепілдік шартына қол қойылды және 27 грант берілді. Барлығы 4,8 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті спикер.  


Бағдарлама аясында ұн тарту өндірісі, жиһаз фабрикасы, медициналық орталықтар, бордақылау алаңдары және басқа да жобалар қолдау тапты.