20.06.2022 _ 10:30

Етті мал шаруашылығындағы өнімділікті арттырудың ғылыми негізделген тәсілдері дайындалуда – Ғ.Есқалиев

Соңғы жылдары мал шаруашылығы дамыған аудандарда құрғақшылық салдарынан малдың шығынға ұшырау қаупі жоғары болды. Үкімет қолдауының арқасында 2021 жылы Ресей Федерациясынан келетін су көлемі 80%-ға ұлғайтылып, мал шығыны орын алмады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді

«Өңірде аграрлық университет базасында өңірдің әлеуетін пайдалана отырып, етті мал шаруашылығындағы өнімділікті арттырудың ғылыми негізделген тәсілдері дайындалуда. Сонымен қатар Мемлекет басшысының суармалы жерлерді ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыста 5 жылда суармалы жер алаңын 44 мың га дейін арттыру жөнінде Жол картасы бекітілді. Биыл 5 100 га суармалы жерді қолданысқа енгізіледі», - деді спикер.


Батыс Қазақстан облысының артықшылықтарының бірі – таза экология. Осы артықшылықты әрі қарай дамыту үшін жыл сайын ауаны тазартуға байланысты жаңа жобалар енгізіледі. Мысалы, былтыр пластик құбырларды, полистиролдан жасалған қаптарды және тамақ қалдықтарын өңдеу қолға алынды.