20.06.2022 _ 10:35

БҚО халқының табиғи газбен қамтамасыз етілуі 99,3%-ды құрады

Биыл 27 ауылдық елді мекенге газ тартылатын болады. Нәтижесінде өңір халқының табиғи газбен қамтамасыз етілуі 99,8%-ды құрайтын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

Сонымен қатар  биыл 35 елді мекенге ауыз су өткізіледі. Осы жұмыстарға 7,4 млрд теңге бөлінді. Аталған жұмыстардың нәтижесінде облыс халқын ауыз сумен қамту көрсеткіші 92%-ды құрайды.