20.06.2022 _ 10:45

БҚО-да 22 мыңнан астам отбасыға 1,4 млрд теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді

Биыл 5 айының қорытындысы бойынша 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 3,4 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

«2021 жылы әлеуметтік осал топтарға жататын 32 мыңнан астам отбасына 3 млрд теңгеге әлеуметтік қолдау берілсе, 2022 жылдың 1 маусымына 22 мыңнан астам отбасына 1,4 млрд теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Жалпы алғанда, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 29,5%-ға азайды»,  - деді өңір басшысы.