20.06.2022 _ 10:50

Облыс бойынша жоғары санатты жаттықтырушылардың саны 46% өсті.

2020-21 жылдары облыс бойынша бюджет есебінен 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жеке кәсіпкерлердің есебінен 6 спорт кешені, 2 спорттық зал және 7 өзге де спорттық құрылыс қолданысқа берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2022 жылы 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және 10 спорттық алаңының құрылысы жүргізілуде.

«Соңғы 3 жылда жаттықтырушылардың еңбекақысының өсуі олардың сапалық құрамының да жетілуіне алып келді. Облыс бойынша жоғары санатты жаттықтырушылардың саны 46% өсті. Осы аталған қолдаулардың нәтижесінде облыс спортшыларының спорт түрлері бойынша ресми республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижесі 2019 жылмен салыстырғанда 34%-ға өсіп отыр», - деді спикер.