20.06.2022 _ 11:00

БҚО әкімдігі жетім балаларға 15-20 жылға шағын пайызен аванстық төлемсіз несие береді

2022 жылы Батыс Қазақстан облысында 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй тапсыру жоспарланған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде 13 көпқабатты тұрғын үй және 70 тұрғын үй салынып жатыр. Барлығы 2420 пәтер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.

«Кезекте тұрған адамдар үшін биыл жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылданып жатыр. Бүгінде 155 адамның өтініші мақұлданды. Сондай-ақ жетім балаларды қолдау аясында облыс әкімдігі «Отбасы банк» АҚ арқылы 15-20 жылға шағын пайыздармен аванстық төлемсіз несие беретін болады. Әзірге бұл бағдарламаға жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді», - деді өңір басшысы. 
Жыл қорытындысы бойынша 4 көпқабатты және ауылда 54, барлығы 1002 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.