20.06.2022 _ 14:15

Өз ғимараттарын тастаған – олар күдікті деп танылды

Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастыруда. 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қызметтік атыс қарулармен бірге тастағаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.