21.06.2022 _ 11:20

Жыл басынан бері 50 мыңға жуық бала жүзіп үйренді

Коммуналдық жағажайларда қауіпсіз балалар жағажайлары (шалшықтар) дайындалды, олардың саны 148. Онда құтқарушылар балаларға жүзу дағдыларын үйретеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов статистикаға тоқталды.

  «Республикамызда 271 орнықты (стационарлық), 161 қаңқалы-модульді бассейн бар. Бүгінгі күні су көздерінің маңайында 64 балалар лагері жұмыс істеуде. Жыл басынан бері аталған бассейндерде 48 мың 700-ден астам бала жүзуге үйретілді», - деді полковник. 


Бұған қоса, «2GIS» картографиялық платформасында, Алматы облысын қоспағанда, еліміздің су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4458) және рұқсат етілген (486) орындар туралы мәліметтер орналастырылған.