21.06.2022 _ 11:30

Тыйым салынған жерлерде жүзі және басқа да жүзу құралдарында жүзу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов оларды тағы да еске салып өтті.


Ең бастысы, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің қарауынсыз шомылуына жол бермеу. 
«Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерде шомылмау, мас күйде шомылмаңыз; жүзу шекарасын белгісінен асып жүзбеңіз; шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақындамаңыз; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз; жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз; қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, тастар, парапеттер, қоршаулар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге болмайды», - деді құтқарушы.  
Айта кетейік, тыйым салынған жерлерде шомылуға, сондай-ақ шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.