21.06.2022 _ 12:31

Қауіпсіз шомылу ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің төрт бабы бойынша жазалануы мүмкін

Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Әкімшілік кодекстің төрт бабы қолданылады. ӘҚБтК-нің 364 және 440-баптары ішкі істер министрлігінің, 412-бап ТЖМ, 582-бап ҚР ИИДМ көліктік бақылау комитетінің құзіретіне жатады.Заң бұзғаны үшін қандай жазалар қарастырылғаны турады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтып берді.

Оның сөзінше, азаматтар мен ұйымдардың жүріс-тұрыс ережелеріне назар аудару керек.   
«Ең бастысы, бұзушылықты тіркеу керек – фото немесе видео түсіру, 112 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады. Біздің білікті қызметкерлеріміз сол жерге барып, әкімшілік іс қозғайды. Азаматтардың назарын айыппұл мөлшеріне аударғым келеді: ешқандай ескерту жасалмайды, бірден 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады - 21 000 теңгеден жоғары. Полиция жұмыс істейтін 364-ші және 440-баптар жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осындай 530-дан астам құқық бұзушылық тіркелді. Өңірлерде мәслихаттар бекіткен ортақ су пайдалану ережелерін бұзған азаматтарға айыппұл салынады. 440-бап азаматтарға қоғамдық орындарда алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде қолданылады», - деп атап өтті спикер.  
Бірінші рет ескертумен құтыласыз, ал бұзушылық жыл ішінде қайталанған жағдайда – 2 АЕК төлеуге тура келеді.  5 АЕК – мас күйде жүргенің үшін. Катермен немесе қайықпен қауіпсіздік көкірекшесінсіз жүзу, сондай-ақ жүзу құралының техникалық ақаулығы үшін де осы көлемде айыппұл салынады.